376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда жүзден астам мектеп оқушысы газдан уланды

  • 367
  • UPD: 16:19, 12.12.2019
Түркияда жүзден астам мектеп оқушысы газдан уланды

Түркияда Османжық қаласындағы жатақханада жүзден астам оқушы газдан уланып қалды, деп хабарлады ria.ru.

Қазіргі кезде бес баланың жағдайы ауыр.

«Омер Дериндер лицейінің қыздар жатақханасында таңғы сағат 5:40-та газдан жүз үш оқушы уланған», - делінген хабарламада.

Оқушылар ауруханада жатыр. Олардың бесеуі жансақтау бөлімінде. Оқиғаға байланысты тексеріс жүргізілуде.

Аударған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы