426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польша климаттық келісімнен бас тартып отыр

  • 479
  • UPD: 21:23, 24.12.2019
Польша климаттық келісімнен бас тартып отыр

Польша әзірге климат бойынша келісімге қол қоймайды. Еуропалық кеңестің басшысы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуроодақта энергия тұтынудың үйреншікті жүйесінен бас тартуға келіспей жатқан жалғыз ғана мемлекет әзірге осы Польша болып отыр. Оның салдары қандай болмақ? Бұл жайында сарапшылар не дейді?

Сарапшылар «Польша билігінің климаттық келісімшарттарын қабылдамауының себебі бар», дейді. Өйткені мұнда электр энергиясы мен жылу толығымен дерлік көмірді пайдалану арқылы өндіріледі. Қысқа уақыт ішінде одан бас тарту мүмкін емес. «Климат пен энергетика екі бөлек дүние, екеуін бір-бірімен шатастырмаған жөн», - дейді олар.

Инна Лукашик, экономист, саясаттанушы:

Атмосфераға көмірқышқыл газын бөлу көрсеткіші бойынша Польша үшінші орында тұр. Алайда, оның климаттық бейтараптық туралы құжатқа қашан қол қояры белгісіз. Мемлекет өзінің энергетикалық саясатын қаржыландыру және жаңғырту жөнінде келіссөздер жүргізуде. Бейресми ақпарат бойынша мұны бәріне 75 миллиард злотыйға дейін жұмсалуы мүмкін.

Ал, экологтар «Еуроодақ климаттық келісім бойынша ұсынылған міндеттемелерді қалай орындамақшы?» деген сауал төңірегінде бас қатыруда. Жоспар бойынша 2050 жылға қарай парниктік газдардың ауаға бөліну көлемі бірден 80%-ке азаюы тиіс. Алайда экологтар «алдағы 30 жылда мұндай көрсеткішке қол жеткізу мүмкін емес», дейді. 

Александр Словинский, эколог:

Польша ерекше жолды таңдап отыр. Сол үшін кейін мемлекет Еуроодақтың қаржыландыру секілді біраз бағдарламасынан құр қалуы мүмкін. Қазір мұның салдары жайлы дөп басып айту қиын. Алайда, Польша ақырында климаттық келісімге қол қоймаса, кері әсері көп болары анық.

Осы ретте мамандар жаңартылатын энергетика жайлы сөз қозғауда. Айтуларынша, бұл атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін тезірек қысқартудың бірден-бір жолы. Осы ретте сарапшылар жаңартылатын энергия үлесі 50%-ке дейін жететін елдерді үлгіге келтіруде.

Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Алексей Родионов, Лукаш Корвин

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы