447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Люксембургте келесі жылдан бастап қоғамдық көлікпен жүру тегін болады

  • 252
  • UPD: 08:58, 26.12.2019
Люксембургте келесі жылдан бастап қоғамдық көлікпен жүру тегін болады

Люксембургте келесі жылдың жазынан бастап қоғамдық көлікпен жүру тегін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік көлік қатынасы мәселесін осындай жолмен шешуді көздеп отыр. Себебі, оның көптігінен шаһар орталығы үнемі кептелістен көз ашпайтын болған. Жоба жүзеге асса, Люксембург әлемде қоғамдық көлікті ақысыз еткен алғашқы мемлекетке айналады.

Айта кетейік, Люксембург – Еуропадағы ең кішкентай елдің бірі. Оның жер көлемі 2586 шаршы шақырым, ал халқының саны 600 мыңнан сәл ғана асады.

Франсуа Бауш, Люксембург премьер-министрінің орынбасары:

- Әлемде барлық қалалар осы мәселемен бетпе-бет келіп, оны шешуге күш салып жатыр. Люксембург дәл осылай көлік кептелісін шешудің өзге жолдары бар екенін көрсете алады деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы