429,40 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан тұрғындары аномальді суықтан бүрсең қақты

  • 502
  • UPD: 17:55, 26.12.2019
Үндістан тұрғындары аномальді суықтан бүрсең қақты

Үндістанның солтүстік өңірінің тұрғындарын аномальді суық ауа райы әбігерге салды. Пенджаб және Уттар-Прадеш штатарында температура 2 градусқа дейін төмендеген.

Бұл жергілікті жұрт үшін үйреншікті емес жағдай. Өйткені мұнда лашықта тұратындар өте көп. Сондықтан олар көрпелерге оранып, далада от жағып, жылынуда. Бұған дейін Мексикада да аномальді суық ауа райына байланысты қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланған болатын. Мұнда температура 1 градусқа дейін төмендеп, соның салдарынан 6 адам көз жұмған. Тағы 70-ке жуығы жылынбақ болып, иіс тиген немесе денелерін күйік шалған.

Хабар 24 телеарнасы