423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда қарулы қақтығыстардан 100 мыңнан астам тұрғын опат болған

  • 381
  • UPD: 08:07, 27.12.2019
Ауғанстанда қарулы қақтығыстардан 100 мыңнан астам тұрғын опат болған

Ауғанстанда 2009 жылдан бері қарулы қақтығыс пен лаңкестіктен 100 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тауып, жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай мәліметті БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Тадамичи Ямамото жариялады. Және де халықаралық қауымдастықты Ауғанстанда бейбітшілік орнатудың жолын іздестіруге шақырды.

Айта кетейік, Ауғанстанда «Талибан» радикалды қозғалысы ресми Кабулмен әлі күнге дейін келіссөз жүргізуден бас тартып келеді. Бірақ былтыр тәліптер АҚШ-пен келіссөз бастап, биыл жазда тараптар уағдаластыққа қол жеткізгендей болған. Күзде Кабулдағы кезекті терактан соң Вашингтон байланысты тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы