425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чилиде өрттен зардап шеккен жануарлар уақытша баспанаға орналасты

  • 341
  • UPD: 12:22, 01.01.2020
Чилиде өрттен зардап шеккен жануарлар уақытша баспанаға орналасты

Чилидің Вальпараисо қаласында мал дәрігерлер тобы өрттен жапа шеккен ит-мысықтар үшін уақытша пана болатын орталық ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жергілікті мектептердің бірінде орналасқан. Мамандар мұнда үй жануарларын емдеп, оларға күтім көрсетеді.

Айта кеткен жөн, Чилидегі осы Вальпараисо туристер арасында танымал қалалардың бірі саналады. Өткен жылдың 24 желтоқсанында мұнда алапат өрт шыққан болатын. Тілсіз жау 245 үйді тып-типыл етті. Салдарынан 700-ден аса тұрғын баспанасыз қалды. Мамандар отты тек екі күннен кейін ғана ауыздықтай алған.

Эстефани Васконес, жергілікті тұрғын:

Біз күшікті осында алып келдік. Өйткені оның қожайының үйі өртенген. Күшік оттан қорқып, қашып кеткен. Келесі күні мен оны үйімнің ауласынан байқап қалдым. Аяқтарын күйік шалған екен.

 

Хабар 24 телеарнасы