430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Д.Зариф: Иран АҚШ-қа тиісті жауап береді

  • 975
  • UPD: 13:24, 04.01.2020
Д.Зариф: Иран АҚШ-қа тиісті жауап береді

«Иран генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін АҚШ-қа қарымта қайтарады».

Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Американың Ирактағы әрекетіне байланысты осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтонның бұл әрекеті халықаралық құқыққа қайшы.

Еске сала кетейік, бірер күн бұрын АҚШ күштері Иракта Иранның арнаулы жасағының қолбасшысы Касем Сулейманидің көлігіне әуеден соққы беріп, оны өлтірген болатын. Ресми Тегеран генералдың өлімі үшін кек алатынын жеткізді.

Мохаммад Джавад Зариф, Иран сыртқы істер министрі:

- Иран Американың бұл шабуылына кез келген уақытта жауап беруге құқылы.  Біз АҚШ-тың қитұрқы бопсалау әрекетіне жығылғымыз келмейді. Америка бұл қадам арқылы үлкен қателік жасады. Трамптың саясаты АҚШ азаматтарының өміріне қауіп төндіреді.

Хабар 24 телеарнасы