376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Бас хатшысы ирандық генералдың өлімінен кейін Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаулы

  • 231
  • UPD: 13:50, 04.01.2020
БҰҰ Бас хатшысы ирандық генералдың өлімінен кейін Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаулы

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ирандық генерал Касем Сулейманидің өлімінен кейін Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаулы.

Бұл туралы Халықаралық ұйым басшысының ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак мәлімдеді. Оның айтуынша, оқиға Парсы шығанағында соғысқа әкелуі мүмкін. Осы себепті БҰҰ тараптарды барынша ұстамдылық танытуға шақырды.

Фархан Хак, БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілінің орынбасары:

- Біз Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты тараптарды барынша ұстамдылық танытуға шақырып отырмыз. Қазір әр мемлекет аймақта шиеленісті болдырмауға күш салуы қажет. Халықаралық ұйым да осы бағытта жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы