376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда «зейнетақы ереуілінен» мерекенің берекесі кетті

  • 122
  • UPD: 22:33, 07.01.2020
Францияда «зейнетақы ереуілінен» мерекенің берекесі кетті

Франциядағы ереуілдер басылар емес. Халық екі айдан бері зейнетақы реформасына қарсы шығуда. Бұл жолғы мерекелер де тыныш өтпеді.

Көшеге шыққан наразы жұрт биліктен заң жүйесін өзгертуді талап етіп отыр. Айта кетейік, жаңа зейнетақы реформасына сәйкес, зейнетке шығу жасы ұлғайтылып, бірнеше саладағы қызметкерлерлерге жәрдемақы берілмейтін болды.

Ереуілшілердің айтуынша, билік өкілдері өзгерістерден бас тартпайынша митингтер жалғаса бермек. Ал саясаткерлер болса бұл қажет реформа екенін айтып, халықты диалогқа шақырып отыр. Дегенмен, белсенділер де дегенінен қайтар емес.

Хабар 24 телеарнасы