420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ пен Иран арасында соғыстың басталуы екіталай – сарапшы

  • 906
  • UPD: 19:39, 10.01.2020

АҚШ пен Иранның қазірге дейін жасаған мәлімдемелері екі жақтың да соғысты бастағысы келмейтіндігін білдіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми Пентагон Ирактағы әскери базада адам шығыны болмады деп отыр. Анкара дағдарыс және саяси зерттеулер орталығы басшысы Мехмет Сейфеттин Эролдың пікірі осындай. Оның айтуынша, тараптар жағдайды одан әрі өршітуге мүдделі емес.

Мехмет Сейфеттин, Анкара дағдарыс және саяси зерттеулер орталығының басшысы:

- Вашингтон мен Тегеран арасындағы текетірес өршуі тек өңірдің емес, сондай-ақ әлемдік жағдайға кері әсерін тигізуі мүмкін. Алайда, екі жақтың қазірге дейін жасаған мәлімдемелерін сараласақ, аймақта соғыстың басталуы екіталай. Бұған Ақ үйдің мәлімдемелері дәлел. Менің ойымша, АҚШ пен Иран арасында шектеулі кек алу оқиғалары ғана орын алуы ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы