377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде төтенше жағдай жарияланды

  • 254
  • UPD: 23:36, 13.01.2020
Филиппинде төтенше жағдай жарияланды

Филиппиннің солтүсігінде Тааль жанартауының атқылауына байланысты өңірде төтенше жағдай тәртібі жарияланған.

Қазір ел астанасы Манилада біраз мектептер мен кеңселер жабық тұр. 200-ге жуық әуе сапары кейінге шегерілді. Соңғы мәлімет бойынша 80 мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Билік мүмкіндігінше сыртқа шықпауға және бетперде тағып жүруге кеңес беріп отыр. Негізі жанартау көлдің ортасында орналасқан. Сондықтан мамандар цунами қаупінің барын ескертіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы