429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мигранттар керуені Гондурастан АҚШ-қа аттанды

  • 488
  • UPD: 14:43, 16.01.2020

Орталық Америка елдерінде мигранттар мәселесі ушығып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше Гондурастың солтүстігіндегі Сан-Педро-Сула қаласынан мигранттар керуені АҚШ аумағына жол тартты. Олардың арасында бесіктен белі шықпаған баладан бастап еңкейген кәріге дейін бар. Гондурас тұрғындары елдегі жоқшылық пен жұмыссыздық халықты әбден ашындырып, елде қылмыс пен есірткі саудасы белең алғанын айтады. АҚШ тарапы болса, заңсыз келімсектерді қабылдауға үзілді кесілді қарсы.

Блиц 1:

Балаларымыздың болашағын ойлауымыз керек. Осында қала берсек, оларды не күтіп тұр? Жарқын болашағымыз үшін жер аударуға тура келеді. Қазір тығырықтан шығудың жалғыз ғана жолы осы.

Блиц 2:

Осының бәрі елдегі тұрақсыз саяси және әлеуметтік жағдайдың кесірінен болып отыр. Мұнда өмір сүрудің өзі қауіпті. Өзге елге кетуден басқа амал қалмады.

Ал, Гватемаланың жаңа президенті керуенді кері қайтару үшін Гондурас пен Гватемала шекарасына үкімет әскерін жіберген. Тәртіп сақшылары АҚШ-қа аттанған мигранттарды көз жасаурататын газбен тотқатпақ болған. Әзірге жарақат алғандар мен мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы