378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канаданың кей аудандарында төтенше жағдай жарияланды

  • 264
  • UPD: 14:07, 19.01.2020
Канаданың кей аудандарында төтенше жағдай жарияланды

Канаданың шығысында екі күн бойы қар жауып, ақтүтек боран соқты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан Ньюфаундленд және Лабрадор провинциясы қалың қар құрсауында қалды. Аралды аймақта ақ ұлпаның қалыңдығы белуарға жетеді. Көптеген жолдар жабылып, мыңдаған үй жарықсыз қалды. Билік өңірдің кей аудандарында төтенше жағдай жариялады. Аймақ орталығы Сент-Джонс қаласындағы мекемелердің бәрі жабық. Қазір коммуналдық қызмет өкілдері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ал ауа райын болжаушылар «алда күн райы қайта өзгеруі мүмкін», деп отыр.

Шон Паттен, Сент-Джонс қаласының тұрғыны:

- Кешегі бораннан кейін далаға енді ғана шығып тұрмын. Сент-Джонс қаласының төменгі ауданында адамдар жоқ, тып-тыныш. Мұндайды көп кездестіре бермейсіз.

Хабар 24 телеарнасы