375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда полиэтиленді пакеттер қолдануға толықтай тыйым салынады

  • 191
  • UPD: 17:48, 20.01.2020
Қытайда полиэтиленді пакеттер қолдануға толықтай тыйым салынады

Қытайда 2025 жылға дейін бір реттік полиэтиленді пакеттер мен пластик түтікшелерді қолдануға толықтай тыйым салынады.

Қытай бір реттік пластик заттарды пайдалануды азайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлады ВВС.

Осы жылдың соңына дейін Қытайдың ірі қалаларында полиэтиленді пакеттерге тыйым салынады, ал 2022 жылдан бастап барлық қалалар мен елді мекендерде тыйым салынады. 2025 жылдан бастап Қытайдың барлық аймақтарында толық тыйым салынады. 

Айта кетсек, Қытай әлемдегі пластикті өте көп тұтынатын елдердің бірі болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы