375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда балалар мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты

  • 161
  • UPD: 16:37, 21.01.2020
Жапонияда балалар мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты

Жапонияда жүк көлігі мен балалар мінген автобус соқтығысып, сегіз бала зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости.

Бүгін таңертең Ибаракиде шағын жүк көлігі мен балаларды балабақшаға таситын автобус соғылды.

Қаза тапқандар жоқ, бірақ сегіз баланың барлығы және екі көліктің жүргізушілері ауруханаға жіберілді.

Жүк көлігінің тізгінінде 80 жастан асқан жүргізушінің отырғаны анықталды.

Хабар 24 телеарнасы