375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде қонақ үйде атыс болып, 2 адам жараланды

  • 105
  • UPD: 12:48, 23.01.2020
Ресейде қонақ үйде атыс болып, 2 адам жараланды

Мәскеудің оңтүстік-батысындағы қонақ үйде травматикалық қарудан оқ атылып, 2 адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция таратқан мәліметке сәйкес, Керченский көшесіндегі қонақ үйде атыс болғаны жөнінде 22 қаңтарда түнгі сағат 23:14 шамасында хабарланған.

«Белгісіз біреулер ғимаратқа баса-көктеп кіріп кеткен. Тұрғындармен арада кикілжің туып, қаскөйлер қарудан оқ жаудырған», – деп жазды Риа.

Аталған оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы