443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралиядағы орман өрті салдарынан атмосферадағы газ мөлшері артты

  • 250
  • UPD: 13:34, 25.01.2020
Австралиядағы орман өрті салдарынан атмосферадағы газ мөлшері артты

Австралиядағы орман өрті 2020 жылы Жер шары атмосферасында көмірқышқыл газы мөлшерінің айтарлықтай артуына себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлыбританияның Ұлттық метеорологиялық қызметі осындай болжам жасап отыр. Әдетте атмосферадағы газдың мөлшері адами фактордан көбейеді. Алайда, биыл ауа райына байланысты бұл көрсеткіш тағы 10%-ке артуы мүмкін.

Естеріңізге салсақ, Австралияның оңтүстік-шығысындағы орман өрті өткен жылдың күзінде басталған болатын. Оның түтіні Жаңа Зеландияға, Чили мен Аргентинаға дейін жетті. Таяуда нөсер жауып, жағдай біраз жеңілдеді. Десе де, өрт әзірге толық сөндірілген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы