423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырай жаздады

  • 516
  • UPD: 17:24, 27.01.2020
Иранда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырай жаздады

Иранда бортында 135 жолаушысы болған ұшақ әуежайға қонар кезде апатқа ұшырай жаздады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тегераннан шыққан әуе кемесі Махшахр шаһарына қонар сәтте алаңнан шығып кетіп, жақын жатқан көшеге сырғып барып тоқтады. Бірақ оқиға кезінде ешбір жолаушы жапа шеккен жоқ. Алдын ала мәліметке қарағанда, оқиғаға ұшақ экипажының әуежайға кешігіп қонуы себеп. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, кеше Иранның Горган қаласынан Тегеранға ұшып шыққан жолаушылар ұшағының қозғалтқышы жанып, әуежайға апатты жағдайда қонған еді.

Хабар 24 телеарнасы