445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда жер сілкінісінен қираған үйлердің асты түгел тексерілді

  • 151
Түркияда жер сілкінісінен қираған үйлердің асты түгел тексерілді

Түркияның Элазығ провинциясындағы зілзаладан қираған үйлер астында қалған адамның барлығы шығарылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Төтенше жағдай жөніндегі қызметі мәлімдеді. Бірақ билік іздестіру-құтқару жұмыстары жалғаса беретінін айтады. Ал ке     йінгі мәліметке қарағанда, табиғат апатынан қаза тапқандардың саны 41-ге жеткен. 34 кісі құтқарылды. Тағы 1 жарым мыңнан астам тұрғын жарақат алды. Еске сала кетейік, қаңтардың 24-і күні Түркияның шығысындағы Сивридж қаласында 6,8 балдық жер сілкінісі болды.

Хабар 24 телеарнасы