476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ауа райының өзгеруі әлем мамандарын алаңдатып отыр

  • 1465
  • UPD: 09:56, 28.01.2020
Ауа райының өзгеруі әлем мамандарын алаңдатып отыр

Ауа райының қалыптан тыс құбылыстары әлемде алаңдаушылық туғызып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көптеген елдің тұрғындары климат өзгеруінің салдарын сезіп, жаһандық деңгейдегі осы мәселені шешу үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды. Жойқын тропикалық циклондар, Багам аралдарынан бастап Жапония мен Мозамбикке дейін көптеген елдердің берекесін қашырды. Арктика аймағы мен Австралияда орман өрттері өршіп тұр. Дүниежүзілік метереологиялық ұйым жасаған баяндамада ауа райының адам денсаулығы, азық-түлікпен қамтамасыз етуге және миграцияға әсері аталған. Өткен жылы 10 миллионнан аса адам табиғи апаттардың кесірінен үйлерін тастауға мәжбүр болды. Жеті миллионы Оңтүстік-Шығыс Африкадағы Идай циклоны, Оңтүстік Азиядағы Фани циклоны, Кариб теңізіндегі Дориан дауылы және Иран, Филиппин мен Эфиопиядағы су тасқындарының салдарынан босып кеткен.

Маник Метта, журналист:

– Ауа райының өзгеруі Америка, Қытай немесе Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге әсер етіп отыр. Мұның салдарын бізбен қатар балаларымыз бен немерелеріміз де сезеді. Болашақ ұрпақтарымызға ғаламымызды қандай жағдайда қалдырып кететініміз туралы ойлануымыз керек. Сол себепті көмір қышқыл газдың ауаға шығарылуын азайтып, қоршаған ортаның ластануымен күресуге тиіспіз. 

Хабар 24 телеарнасы