432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда коронавирусты тағы 10 адам жұқтырып алды

  • 569
  • UPD: 17:54, 06.02.2020
Жапонияда коронавирусты тағы 10 адам жұқтырып алды

Жапонияның Йокогама қаласындағы портта карантинде тұрған круиздік лайнерде тағы 10 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Осылайша, қатерлі дертке шалдыққан жолаушылар саны 20-ға жетіп отыр. Белгілі болғандай, туристердің сынамасы оң нәтиже көрсетіп, олардың ауруға шалдыққаны расталған. Қазір дәрігерлер тағы 170 жолаушыға қатысты сараптама нәтижесін күтіп отыр.

Бұған дейін де Жапонияда карантинге жіберілген круиздік лайнерде 10 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталғанын жазғанбыз. 

Айта кетейік, жуырда жапон билігі 3 мың 700-ге жуық адам мінген кемені амалсыз оқшаулаған еді. Ал кеме өзінің 14 күндік саяхатын уақытынан бұрын аяқтап, Йокогама портына келіп тоқтады.

Хабар 24 телеарнасы