431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Уханьда 30-дан астам робот дәрігерлерге жәрдемдесіп жүр

  • 642
  • UPD: 14:32, 14.02.2020
Уханьда 30-дан астам робот дәрігерлерге жәрдемдесіп жүр

Қытайдың Ухань қаласындағы ауруханаларда 30-дан астам дезинфектор-робот дәрігерлерге қолғабыс болып жүр, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Роботтарды Шанхайдың TMiRob компаниясы жасап шығарған. Ұйымның бас директорының айтуынша, роботтар ақ түсті, олардың басына сутегі асқын тотығы толтырылған және роботтың ішінде тоғыз ультракүлгін лампасы орнатылған. Осы құралдары арқылы роботтар әртүрлі дезинфекцияны жүргізе алады.

Сонымен бірге кедергілермен соқтығыспауын қамтамасыз ететін арнайы технологиялармен жабдықталған.

Роботтар дезинфекциялық жұмыстарды тәулік бойы оқшаулау бөлімдерінде, реанимация бөлімшелерінде, Уханьдағы коронавирусқа қарсы ірі ауруханаларының бөлмелері мен амбулаторияларында орындайды.

Бұған дейін Қытайда медицина қызметкерлерінің орнына коронавирус жұқтыру қаупі бар науқастарды тексеретін робот құрастыру жұмыстары басталғанын хабарлаған болатынбыз. Айта кетсек, коронавирусты жұқтырған-жұқтырмағанын тексеру барысында әдетте пациенттің ауыз қуысынан сараптама жинау үшін тампон қолданылады. Сондықтан медбикелердің вирусты жұқтырып алу қаупі жоғары.

Аударған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы