377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда дауыл салдарынан 500-ге жуық әуе рейсі шегерілді

  • 74
  • UPD: 12:22, 11.02.2020
Германияда дауыл салдарынан 500-ге жуық әуе рейсі шегерілді

Германияға соққан "ЗабИне" дауылы көлік қозғалысына кедергі келтірді. Секундына 140 метр жылдамдықпен соққан желдің кесірінен бүкіл ел аумағында 500-ге жуық әуе рейсі кейінге қалдырылды. 

Әсіресе Мюнхен мен Штутгарт әуежайлары зардап шекті. Ел аймақтарына қатынайтын пойыздардың жолаушылары да діттеген жеріне жете алған жоқ. Негізгі автобандар да жабылып қалды. Қазіргі кезде төтенше қызметтер жолдарды құлаған ағаштардан тазартып жатыр. Дауылға байланысты Бавария, Төменгі Саксония және Солтүстік-Рейн Вестфалия аймақтарында мектептердің көбі жабылды. Германияның оңтүстігінде 50 мыңнан астам үй жарықсыз қалған. 

Ахия Штаусс, ГФР теміржолдарының өкілі:

- Біз өзге дауылдардың салдарын көргенбіз, сол себептен зардап шеккен аймақтармен теміржол қатынасын тоқтатуды шештік. Пойыздарымыз жарты жолда тұрып қалған оқиғалар болды. Әрине вокзалдарда қалған жолаушыларымыздың қамын ойлауға көбірек мүмкіндігіміз болады.

Хабар 24 телеарнасы