420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда коронавирустан бір адам қайтыс болды

  • 547
  • UPD: 23:04, 15.02.2020

Францияда коронавирустан бір әйел адам көз жұмды. Бұл Еуропада қауіпті дерттен науқастың алғаш рет қайтыс болуы.

Жұқпалы вирустан жан тапсырған Қытайдан келген 80 жастағы саяхатшы. Науқастан індет қаңтар айында Францияға келе салысымен анықталып, карантинге жабылған. Айта кетейік, бұған дейін коронавирустан Қытайдан тыс Гонконг, Филиппин және Жапонияда 3 адам қайтыс болған. Ал дертті жұқтырғандардың саны Қытайдан бөлек әлемде 500-ден асады. 

Аньес Бузен, Франция денсаулық сақтау министрі:

- Коронавирустан көз жұмған науқас Францияға қаңтардың 16-сы күні Хубэй провинциясынан келген. Сол айдың 25-і күні оның вирусты жұқтырғаны анықталып ауруханаға жеткізілді. Бірақ шұғыл қолға алынған ем-домға қарамастан соңғы күндері оның жағдайы күрт нашарлап, содан оңала алмады.

Хабар 24 телеарнасы