420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапониядағы «Diamond Princess» кемесінде коронавирус жұқтырғандардың саны артты

  • 613
  • UPD: 09:10, 16.02.2020
Жапониядағы «Diamond Princess» кемесінде коронавирус жұқтырғандардың саны артты

Йокогама портында карантинде тұрған «Diamond Princess» круиз лайнерінде тағы 67 адамнан коронавирус шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша кемеде дертке шалдыққандардың саны 285-ке жетті. Вирусты жұқтырғандар қай елдің азаматтары екені әлі беймәлім. Билік науқастар жуық арада емдеу орталығына жеткізілетінін мәлімдеді. Ал АҚШ лайнердегі 380 азаматын эвакуациялауды жоспарлап отыр. Токио өзге елдердің ұсыныс қарауға дайын екенін айтады.

Еске сала кетейік, «Diamond Princess» круиздік кемесі карантинге осы айдың бас кезінде лайнердегі бір Гонконг тұрғынынан коронавирус анықталған соң жабылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы