431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта АҚШ елшілігі орналасқан аудан атқыланды

  • 305
Иракта АҚШ елшілігі орналасқан аудан атқыланды

Иракта белгісіз біреулер Бағдадтағы АҚШ елшілігі мен коалициялық күштер орналасқан ауданды зымырандармен атқылады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Шабуылдан ешкім зардап шеккен жоқ. Қастық әрекетті кімдердің жүзеге асырғаны әлі беймәлім. Қазір лаңкестер іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, соңғы айларда белгісіз қарулы топтардың Ирактағы АҚШ елшілігі мен әскери базаларды атқылауы жиіледі. Оған қаңтардың бас кезінде америкалық күштердің Бағдадта Иран генералы Касем Сулейманиді өлтіруі түрткі болды.

Хабар 24 телеарнасы