432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коста-Рикада 6 тоннаға жуық кокаин тәркіленді

  • 326
  • UPD: 09:29, 17.02.2020
Коста-Рикада 6 тоннаға жуық кокаин тәркіленді

Коста-Рика полициясы 6 тоннаға жуық кокаин есірткісін тәркіледі. Бұл ел тарихындағы ең ірі көлемде қолға түскен есірткі партиясы.

Заңсыз жүк Нидерландтың Роттердам қаласына шыққалы тұрған кемедегі бір контейнерден табылды. Олар 202 қапқа оралып, өсімдіктер арасына жасырылған. Оқиғаға қатысты портқа осы контейнерді жеткізген 46 жастағы жүргізуші ұсталып, тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Орталық Америка елдері Еуропа мен АҚШ-қа есірткі тасымалдайтын басты жолдардың бірі болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы