426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяда белсенділер әскерилердің АҚШ-пен бірлескен жаттығуына қарсы шықты

  • 426
  • UPD: 15:45, 20.02.2020
Кореяда белсенділер әскерилердің АҚШ-пен бірлескен жаттығуына қарсы шықты

Оңтүстік Кореяның 80-нен астам үкіметтік емес ұйымы Америка Құрама Штаттарымен бірлескен әскери жаттығуларға қарсы.

Қоғам белсенділердің пікірінше, екі ел сарбаздарының бұл қадамы Корея түбегіндегі жағдайға оң әсер етпейді. Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметінше өткен жылы американдық және оңтүстіккореялық әскерилер 156 бірлескен жаттығу өткізген. Бұл көрсеткіш өткен үш жылмен салыстырғанда екі есе көп. Келесі бірлескен жаттығулар келер айға жоспарланған. Белсенділердің айтуынша, Вашингтон Корея түбегінде әскерлердің санын арттырмақшы.

Атап айтсақ, АҚШ-тың Оңтүстік Кореяда зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін кеңейту жоспарлары бар. Азаматтық қоғам мүшелері президент Мун Дже Инді АҚШ-пен әскери ынтымақтастықты тоқтатып, Корей халықтық демократиялық республикасы билігімен келіссөздерді бастауға шақырды. 

Ли Чан Хи, Кореяның Бейбіт бірігу ұйымының тең төрағасы:

- Үкімет Америкаға қарамай, әскери жаттығуларды дереу тоқтатуы керек. Америка Құрама Штаттарының бір ғана ойы бар, ол Корея түбегінде Ливиядағыдай жағдай жасау. Енді біздің барлық күш-жігеріміз АҚШ-пен бірлескен жаттығулардан бас тартуға және Солтүстікпен бейбітшілік орнатуға бағытталу керек. Ол үшін Корея Республикасы мен КХДР басшыларының арасындағы келісімдерді орындау қажет. Корея түбегіндегі бейбітшілік декларациясын Біріккен Ұлттар Ұйымы мойындап, Солтүстік Кореяға қарсы халықаралық санкциялар алынып тасталуы керек.

Хабар 24 телеарнасы