439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Air France коронавирустан 200 млн еуро шығынға батуы мүмкін

  • 156
  • UPD: 10:05, 21.02.2020
Air France коронавирустан 200 млн еуро шығынға батуы мүмкін

Air France әуе компаниясы коронавирустан 200 миллион еуро шығынға батуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолаушыларды тасымалдаушы бірлестік осындай мәлімдеме жасады. Себебі, компания қауіпті дертке байланысты наурыздың 15-іне дейін Қытайға рейстерін тоқтатқан болатын.

Air France наурыздың 16-ысынан бастап Бейжің мен Шанхайға, ал наурыздың 29-ынан кейін аспан асты еліне сапарларының бәрін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, Қытайда коронавирус шыға салысымен әлемнің көптеген әуе компаниясы дерттің таралуын болдырмау үшін бұл мемлекетке рейстерін тоқтатқан.

Хабар 24 телеарнасы