419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезияда бірнеше аудан су астында қалды

  • 358
  • UPD: 13:47, 25.02.2020
Индонезияда бірнеше аудан су астында қалды

Индонезия астанасы Джакартада су тасқыны жергілікті тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта жауын шашын бірнеше күн бойы толастамай жауып тұр. Салдарынан шаһардың көптеген ауданы су астында қалды. Халық жарықсыз отыр. Құтқарушылар қауіпті жерлерден адамдарды қайықпен эвакуациялауға кірісті. Метеоролог мамандары нөсерді Австралия мен Үнді мұхитындағы тропикалық циклонмен байланыстырады. Табиғат апатынан әзірге адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы