437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Майк Помпео коронавирус жайлы: Ащы болса да шындық айтылсын

  • 235
  • UPD: 09:03, 27.02.2020
Майк Помпео коронавирус жайлы: Ащы болса да шындық айтылсын

АҚШ 29 ақпанда «Талибан» қозғалысымен Ауғанстаннан әскер шығару туралы келісімге қол қояды.

Бұл туралы баспасөз маслихатын өткізген АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео хабарлады. АҚШ пен тәлібтер 2019 жылы бірнеше ай бойы келіссөздер жүргізген. Нәтижесінде бітім туралы шарттың жобасы келісілген болатын. Бұл құжат атысты тоқтату, Ауғанстаннан шетел әскерін шығару және елде бейбітшілік орнатуға арналған жалпыұлттық келіссөздерді бастауды қарастырып отыр. Сонымен қатар Майкл Помпео 6 елге жасаған сапарының қорытындысымен таныстырып, коронавирус жөнінде пікірін білдірді. Ол барлық мемлекеттерді COVID-19 дерті туралы шындық айтуға және Қытай басшылығын өз және шетел тілшілеріне және медициналық қызметкерлерге өз пікірін еркін білдіруге рұқсат етуге шақырды.

Майкл Помпео, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

- АҚШ-та індеттің таралуына тосқауыл қою үшін сапарларға шектеу қойдық. Вирусты жұқтырған азаматтарымыз, атап айтқанда, Хубэй провинциясына саяхаттаған және Diamond Princess кемесінде болған адамдар елге оралғанда оқшауланып, ем қабылдауда. Ал елімізден тыс аумақта Мемлекеттік департамент вирусқа қатысты жағдайды мұқият бақылап, осы дерттен зардап шеккен елдерге көмек көрсетіп жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы