431,11 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Моңғолия Президенті карантинге алынды

  • 1613
  • UPD: 15:11, 28.02.2020
Моңғолия Президенті карантинге алынды

Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга мен оның қасындағы шенеуніктер Қытайдан оралғаннан кейін карантинге жіберілді, деп хабарлады Anadolu.

Президент пен сыртқы істер министрі Дамдиноо Цогтбаатар Баянзурх ауданындағы ауруханаға жатқызылды. Делегацияның басқа мүшелері Жаргаланттағы шипажайға орналастырылды.

Айта кетсек, Моңғолия президенті 27 ақпанға қараған түні Қытайдағы сапарынан оралды. Сапар барысында ол ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, сондай-ақ коронавирусқа қарсы күресте қолдау ретінде Қытайға 30 мың қой сыйлады.

Хабар 24 телеарнасы