Тағы 388 адам вирусты жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Дертке шалдыққандардың арасында парламенттің 4 депутаты бар. Бұған дейін Иранның вице-президенті Масумех Эбтекардың да ауру жұқтырып алғаны хабарланған еді. Жалпы Иран әлемде коронавирус тез таралып жатқан елдердің бірі. Бірақ осыған қарамастан жергілікті билік індет ошағына айналған аймақтарда карантин енгізуден бас тартып отыр.