411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия мен Түркия шекарасында полиция мен мигранттар қақтығысты

  • 263
Грекия мен Түркия шекарасында полиция мен мигранттар қақтығысты

Грекия мен Түркия шекарасында полиция мен мигранттар арасында тағы қақтығыс болып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіпсіздік босқындардың шекарадан заңсыз өтуге талпынысынан басталды. Тәртіп сақшылары мигранттарды тоқтату үшін көзді жасаурататын газ қолданды.

Айта кетейік, ақпан айының соңынан бері Грекияның бірнеше шекара бекетінің маңында мыңдаған мигрант жиналған. Түркияның Эдирне провинциясында да осындай жағдай. Миграциялық дағдарысқа Сирияның Идлиб аймағындағы ахуал түрткі болды. Себебі Анкара шам еліндегі қарулы қақтығысқа байланысты өз аумағындағы мигранттардың Еуропаға өтуіне кедергі келтірмейтінін мәлімдеген.

Йалда Юсуфи, ауғанстандық мигрант:

– Мақсатымыз – Грекияға өту. Мұнда тұрғанымызға 2 күн болды. Күн суық, тамақ таусылды. Балалар аш. Шекарадан өтейік десек, грек полициясы мигранттарды күштеп кері қайтарып жатыр. Енді не істейтінімізді білмейміз.

Хабар 24 телеарнасы