435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясы виза беруді 15 сәуірде жалғастырады

  • 129
  • UPD: 19:59, 06.03.2020
Сауд Арабиясы виза беруді 15 сәуірде жалғастырады

Сауд Арабиясы шетел азаматтарына 15 сәуірден бастап қайтадан виза бере бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тізімде біздің де ел бар. Бұған дейін алынған визалар мен әуе билеттері күшін жоймайды. Еске салайық, корольдік билігі коронавирустың таралуына байланысты 27 ақпан күні туристер мен қажылыққа келгендерді шекарадан кері қайтарып, елге ешбір шетел азаматын кіргізбейтінін хабарлаған еді.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, Сауд Арабиясында қазір 200-ден астам қазақстандық қажылық парызын атқарып жүр. Олар ұмраға барған кезде «COVID-19» вирусының қаупі қазіргідей жоғары болмаған. 

Жанділдә Бекжігітов, ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі:

– Сауд Арабия тарапы ресми түрде 15 сәуір күні шекараны ашамыз деп мәлімдеп отыр. Ол жерде қандай мемлекеттерге виза береді, ол әлі белгісіз. Бізге аша ма, ашпай ма белгісіз. Жалпы 18 сәуірден бастап ашатыны айқын.

Хабар 24 телеарнасы