419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда үкімет басшысы қатысқан жиынға шабуыл жасалды

  • 342
  • UPD: 07:34, 07.03.2020
Ауғанстанда үкімет басшысы қатысқан жиынға шабуыл жасалды rbc.ua

Ауғанстан астанасында белгісіз қарулы топ моджахедтердің басшысы Абдула Әли Мазариді еске алу шарасына келгендерге шабуыл жасап, 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы ондаған кісі жарақат алды. Жиында премьер-министр Абдулла Абдулла, Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай және өзге де саяси тұлғалар болған. Ақпарат құралдары үкімет басшысы оқиға кезінде жапа шекпегенін айтады. Лаңкестік шабуылды кімдер ұйымдастырғаны белгісіз. Қазір содырларға қарсы операция жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы