432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Талибан» қозғалысы Ауғанстан үкіметімен келіссөз өткізуге дайын

  • 503
  • UPD: 15:12, 07.03.2020
«Талибан» қозғалысы Ауғанстан үкіметімен келіссөз өткізуге дайын

«Талибан» қозғалысы үкіметпен наурыздың 10-ына жоспарланған бейбіт келіссөзге дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ Кабул тұтқындағы 5 мың тәліпті босатуы тиіс. Катардағы «Талибан» өкілі Мохаммад Сохаил Шахин осындай мәлімдеме жасады. Егер билік бұл талапты орындамаса, кездесу кейінге қалады. Ал президент Ашраф Гани бұған дейін тұтқынға алынған тәліптерді босату, келіссөзге еш қатысы жоқ мәселе деген еді.

Еске сала кетейік, өткен айда АҚШ пен «Талибан» қозғалысы Катарда бейбіт келісімге қол қойып, наурыздың 10-ы күні ауғанаралық келіссөз жүргізуге уағдаласқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы