Кейінгі мәліметтер бойынша, елде 200 адам жаңа типтегі дерттің құрбаны болды.
Альборз провинциясында 7 тұрғын метиль спиртінен уланып көз жұмды. ISNA басылымының хабарлауынша, тұрғындар коронавирус жұқтырмау ойымен у ішкен.
«Өкінішке қарай, бірнеше адам спирттен уланды, 7 кісі қайтыс болды. Олар интернеттегі жалған ақпаратқа сеніп, өмірлерін қатерге байлады. Коронавирустан қорғанбақ болып метанол ішкен», – деді жергілікті прокуратура өкілі.