412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда коронавирусқа шалдыққан алғашқы науқас көз жұмды

  • 302
  • UPD: 10:54, 13.03.2020

Марқұм таяуда Ираннан келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы қазір елде COVID-19 диагнозы қойылған 11 адам ем-дом қабылдап жатыр. Коронавирустың таралуына байланысты Бакуде наурыз мейрамы тойланбайтын болды. Шаһарда барлық спорттық және мәдени шаралар да тоқтатылды. Ал, мектептердегі оқу наурыздың 27-іне дейін шегерілді. Білім беру министрлігі оқушылардың жазғы демалысын қысқартпау үшін мектеп бағдарламасын онлайн-оқу арқылы жалғастыруды жөн көрді. Сондай-ақ видеосабақтар әлеуметтік желілерге де салынады.

Сафая Ахмедова, тарихи-сәулет қорығы басқармасының өкілі:

- Әдетте Наурыз мерекесін шаһардың тарихи жерінде тойлайтынбыз. Шараға шет елдерден де қонақтар келетін. Биыл коронавирустың кең етек жаюына байланысты мерекелік іс-шараларды өткізбейтін болдық.

Джасарет Валехов, білім беру министрлігінің өкілі:

- Әр телесабақ 10-15 мин жалғасады. Осылайша, біз мектеп бағдарламасынан қалмауға тырысатын боламыз.

Министрлер кабинетінің хабарлауынша, қазір карантиннен 300 адам шықты. Әлі де 200-ге жуығы оқшауланған. Шетел азаматтарына уақытша электронды виза берілмейтін болды. Шектеу 45 күнге созылмақ.

Хабар 24 телеарнасы