423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция коронавирусқа байланысты жаңа шектеулер енгізді

  • 420
  • UPD: 14:36, 13.03.2020
Франция коронавирусқа байланысты жаңа шектеулер енгізді

Жалпы елде бұл дертті жұқтырғандардың саны 2300-ге жетіп қалды. 48 адам қайтыс болып, 105 науқас ауыр хәлде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек Париждің өзінде вирусты жұқтырудың 80 дерегі тіркелді. Қала мұражайлары келушілер санына шектеу қойды. Диснейленд кешеніндегі бұқаралық шаралар және спектакльдер мен концерттер өтпейтін болды. Осыған қарамастан, үкімет бүкіл ел аумағында індет тәртібін жариялаған жоқ, тек вирус өршіген өңірлерде шара қабылдап жатыр. Бүгін Сорбоннадағы студенттер қалашығының бірі жабылды. Індет ошақтары саналатын Корсика аралы мен Франция оңтүстігінде қатал шектеулер енгізілді.

Оливье Веран, Францияның денсаулық сақтау министрі:

Корсика аралы мен Монпелье маңындағы 19 коммунада барлық мектептер мен балабақшалар жабылды. Әлеуметтік тұрмысымыз, экономикамыз және демократиямызға маңызды істерден өзгесіне және барлық бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды.

Хабар 24 телеарнасы