419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранның рухани лидері Али Хаменеидің кеңесшісіне коронавирус жұқты

  • 416
  • UPD: 18:35, 13.03.2020

Иранның рухани басшысы аятолла Әли Хаменеидің жақын кеңесшісі Али Акбар Велаяти коронавирусқа шалдықты.

Бұған дейін ол «КОВИД-19» дертін жұқтырды деген күдікпен тексерістен өткен болатын. Қазір науқас оқшауланып ем-дом қабылдап жатыр.

Естеріңізге салайық, Иранда 10 мыңнан астам тұрғын бұл кеселге шалдыққан. Соңғы бір тәулік ішінде 429 адам көз жұмды. Қауіпті вирус БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде де табылды. Науқас Филиппин Республикасының Ұйымдағы тұрақты өкілдігінің қызметкері. Оның осы ұйымға соңғы рет 9 наурызда барғаны белгілі. Ол кезде науқаста аурудың белгілері байқалған жоқ. Енді мамандар ведомствоның көптеген мүшесі вирус жұқтырды деген болжам жасап отыр.

Хабар 24 телеарнасы