418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО коронавируске қатысты ақпарат алмасуды реттейді

  • 423
  • UPD: 09:29, 17.03.2020
ЕАЭО коронавируске қатысты ақпарат алмасуды реттейді

Коронавирус індеті Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жүк тасымалы мен тауар ағымына да кері әсерін тигізе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы еуразиялық экономикалық комиссиясы Коллегиясының төрағасы Михаил Мясникович мәлімдеді. Жалпы аталған комиссия кеңесінің отырысында коронавирус төңірегіндегі ахуал 3 рет талқыға түсті. Жиын барысында Армения медициналық мекемелер мен тұрғындарға қажетті кей тауарлардың импортына салынатын салықты алып тастауды немесе азайтуды ұсынды. Ал Қырғызстан одаққа мүше елдер бір-бірін ақпараттандыру туралы ұсыныс айтты. Айта кетейік, одақтың үкіметаралық кеңесі енді сәуір айында Минскіде өтеді. Алайда коронавирустың кеңінен етек жаюына байланысты оған қатысушылар саны айтарлықтай қысқаруы мүмкін, дейді Мясникович.

Михаил Мясникович, ЕЭК коллегиясының төрағасы:

– Тараптардың коронавируске байланысты сақтық шаралары мен індет салдары туралы бір-бірін ақпараттандыруына қатысты айтар болсақ, елдер өте тығыз байланыста болуы қажет. Менің ойымша, сонда ғана тиімді шешімдер қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы