429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда коронавирус құрбандарының орташа жасы 80,5

  • 533
  • UPD: 13:16, 19.03.2020
Италияда коронавирус құрбандарының орташа жасы 80,5

Италияда бір күнде 475 адам коронавирустан қайтыс болды.

Осылайша, елде құрбандардың жалпы саны 3 мыңға жетіп отыр.

Бұл, дерт дендегелі бері тіркелген ең үлкен көрсеткіш, деп хабарлайды ВВС.

Өлімнің көбі Ломбардияда болды, бір тәулікте 319 адам.

Италия екі аптадан бері жабық жағдайда. Билік тұрғындардан үйлерінен шықпауды сұрап жатыр, алайда өлім көрсеткіші өсіп отыр.

Ауруханалардағы ахуал да мәз емес, зейнеттегі дәрігерлер мен мейіргерлер жұмысқа оралуға мәжбүр. 10 мың студент–докторант 9 айға ерте қызметіне кірісті.

Италияда қауіпті вирустан көз жұмғандардың орташа жасы 80,5 жас, ал жұқтырғандардың орташа жасы 63-ті құрайды, деп хабарлайды СNN.

Фоторепортаж: коронавирустың құрсауында қалған Италия

 

Хабар 24 телеарнасы