422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияда бір аптаның ішінде 174 карантин бұзған адам қамауға алынды

  • 383
  • UPD: 18:14, 19.03.2020
Грекияда бір аптаның ішінде 174 карантин бұзған адам қамауға алынды

Грекияда 12 наурыздан бері коронавирустың таралуын болдырмау ережелерін бұзған 167 жағдай анықталып, 174 адам қамауға алынды, деп хабарлады РИА Новости.

Ұсталғандар тыйымға қарамастан шаштараздарда, сұлулық салондарында, кафелерде, ойын-сауық орталықтарында, дүкендерде жұмыс істеген.

Заңды бұзғандарға 5 мың еуро айыппұл салынады немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Хабар 24 телеарнасы