427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сиднейдегі басты жағажай жабылды

  • 521
Сиднейдегі басты жағажай жабылды

Коронавирустың таралу қаупіне байланысты Сидней қаласындағы Бонди-бич деп аталатын басты жағажай жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешім жергілікті полиция басшысының шағымынан кейін қабылданды. Өйткені адамдардың топтасып жүруіне тыйым салынғанымен, жағажайға бірнеше мың кісі жиылған. Қазір қала әкімдігі шаһардағы демалыс және туристік орындарда шектеу шараларын күшейтуді көздеп отыр.

Пит Филд, жергілікті тұрын:

– Мен серуендеп қайту үшін далаға шыққан едім. Жағажайдағы адамдардың көптігіне таң қалдым. Олар бір-біріне жақын жүрмеу туралы талапты да орындап жатқан жоқ.

Айта кетейік, Австралия билігі бұған дейін шетелдіктердің ел аумағына кіруіне тыйым салған. Елде індетті жұқтырғандардың саны 800-ге жуықтап, дерттен 6 науқас көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы