435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия вице-президенті елімізді Наурыз мерекесімен құттықтады

  • 134
  • UPD: 20:23, 22.03.2020
Түркия вице-президенті елімізді Наурыз мерекесімен құттықтады

Түркияда Әз-Наурыз жалпыұлттық мерекенің бірі. Анадолы жерінде бұл мейрам сонау Осман империясы, тіпті оған дейін Селжұқтар мемлекеті тұсында тойланған.

Бірақ биыл індеттің өршуіне байланысты түрік халқы Ұлыстың ұлы күнін мемлекеттік деңгейде тойлаған жоқ.  Дейтұрғанмен, осындай қысылтаяң шақта ондағы ағайын әдеттегідей қазақ халқына ақжарма тілегін жолдады. Арасында билік өкілдері де бар.

Фуат Октай, Түркияның вице-президенті:

- Қазақстанның президенті пен үкімет басшысын, қазақ халқын түбі бір түркі жұртының дәстүрлі мерекесі Наурызбен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа жыл қазақ-түрік қатынастарына жаңа серпін беретін, жаңа белеске бастайтын жыл болуына тілектеспін. Төл мерекеміз тек жақсылығымен келсін! Қазақ халқы, түрік халқы жасасын!

Хабар 24 телеарнасы