432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда қарттардың сыртқа шығуына тыйым салынды

  • 139
  • UPD: 08:38, 23.03.2020
Түркияда қарттардың сыртқа шығуына тыйым салынды

Түркияда 65 жастан жоғары және созылмалы ауруы бар азаматтардың сыртқа шығуына тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаулы елде жұқпалы індетке шалдыққан қариялардың артуына байланысты қабылданған. Соңғы ақпар бойынша, мұнда қауіпті дертке шалдыққандардың саны 1200-ден асып кетті. Оның 289-ы соңғы бір тәулікте тіркелген. Ал коронавирустан 30 адам көз жұмған. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қаза тапқандардың дені – 60 жастан асқан азаматтар. Сол себепті, ведомство әсіресе осы топтағы тұрғындарды ескертіп отыр. Алайда егде жастағылардың ішінде шешімді елемей, орталық саябақтар мен қоғамдық көліктерге мінушілер бар. Осыған байланысты әкімдік 60 жастан асқан қарттардың автобуста ақысыз жүру куәлігін уақытша жарамсыз деп жариялап, қоғамдық жерлердегі орындықтарды алып тастады. Қажет болса қарияларға қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектер үйлеріне жеткізілетін болды.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияда коронавирусты жұқтырған бірінші науқас 11 наурыз күні тіркелді. Он күннің ішінде қауіпті індетті жұқтырғандар саны мыңға жуықтады.

Хабар 24 телеарнасы