414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Куба Италияға 50-ден астам дәрігерін жіберді

  • 227
  • UPD: 08:33, 23.03.2020
Куба Италияға 50-ден астам дәрігерін жіберді

Куба Италияға коронавируспен күресу үшін көмек қолын созды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апеннин түбегіне Гавана 36 дәрігер мен 15 мейірбикені аттандырды. Олар Италияның індет ең көп таралған аймақтарында жергілікті мамандарға қолдау көрстеді. Дәрігерлердің жұқпалы дертпен күресуде тәжірибесі мол. Африкада эбола ауруына шалдыққандарды емдеуге атсалысқан. Жалпы Куба бұған дейін вируспен күресуге көмектесу үшін Венесуэла, Суринам, Гранада, Ямайка және Никарагуаға да дәрігерлерін жіберген. Ал қауіпті дерт көп таралған елдің бірі Иранға «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы қол ұшын созды. Халықаралық құрылым Ислам республикасында 50 адамға арналған орталық ашып, науқастарды емдеуге өзінің 9 маманын жібереді.

Хабар 24 телеарнасы