445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда ең алғаш коронавирус жұқтырған адам табылды

  • 629
  • UPD: 12:59, 26.03.2020
Қытайда ең алғаш коронавирус жұқтырған адам табылды

Қытайдың Ухань қаласындағы теңіз өнімдерін сататын «Хуанань» базарында коронавирусты алғаш жұқтырған адам табылды.

«Пэнпай» газетінің хабарлауынша, 11 желтоқсанда тірі асшаяндарды сататын Вэй есімді әйел адамның белгісіз себептермен ыстығы көтерілген. Дәл осы адам CoViD-19 жұқтырған алғашқы науқас болды.

Дегенмен бұл базардың вирустың негізгі ошағы екендігі немесе вирустың қалай пайда болғаны туралы әлі де нақты дәлелдер жоқ.

БАҚ өкілдері сондай-ақ Уханьдағы базарға қатысы жоқ алғашқы науқасты тапты. Ол 16 желтоқсанда Ухань қаласының маңындағы Цзянси қаласындағы ауруханаға барған ер адам болып шықты. Ол базарларға бармаған, инфекцияны қалай жұқтырғаны белгісіз. Бір қызығы, онымен тығыз байланыста болған туыстарынан коронавирус анықталмаған.

Хабар 24 телеарнасы