439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та құны 35 мың доллар болатын азық-түлік қоқыс жәшігіне тасталды

  • 111
  • UPD: 11:49, 27.03.2020
АҚШ-та құны 35 мың доллар болатын азық-түлік қоқыс жәшігіне тасталды

Пенсильвания штатындағы Хановер қаласында супермаркет қызметкерлері 35 мың доллардың азық-түлігін сөрелерден алып тастауға мәжбүр болды.

Оған себеп, бейсенбі күні келушілердің бірі нан өнімдері және ет сату бөлімдерінде қатты жөтелген. Қызығы сол, әйел адам мұны әдейі істегенге ұқсайды.

Қауіпсіздік мақсатында қызметкерлер жөтел тамшылары қалуы мүмкін азық түлікті жинап алып, сауда орнында дезинфекция жұмыстарын жүргізген.

Ал супермаркет басшылығы әйел туралы полицияға хабарлаған. Қазір іс прокуратура қарауында.

Белгілі болғандай, тұрғын бұған дейін де басқа да құқық бұзушылықтары үшін жауапқа тартылыпты. Енді одан вирусқа қатысты сынама алынады.

Хабар 24 телеарнасы